БҰҰ: Екі миллион Украина азаматы босып кетті

Ресей Украинаға басып кіргелі бері екі миллионға жуық адам босып кеткен


09/03/2022
10:44 36122 0

Фото: DW

 

Украинада соғыс басталғалы бері екі миллионға жуық босқын болып, шетел асқан. Бұл жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі бойынша жоғары комиссары Филиппо Гранди хабарлады. 

 

— Бізге атыстың тыйылғаны керек, бітім керек, сол кезде адамдар елден қашпайды, үйлеріне қайта оралады. Бірақ олар қазір әбден шошып қалға, —  деді Гранди "Әл — Жазира" арнасына берген сұхбатында.

 

БҰҰ мәліментінше, еуропада екінші дүниежүзілік соғыстан бері бұндай дағдарыс болмаған. 

 

Соғыс басталған екі аптаға жуық уақыт аралығында Украинадан Польшаға 900 мың адам, Венгрияға 150 мың адам өткен. Украина мемлекеттік шекара қызметі бір тәуліктің ішінде батысқа қарай 132 мың азамат өткенін хабарлады. Еуроодақ елдері өз аумағына 6, 5 миллион адамды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

09/03/2022 10:44
36122 0

Уведомление